SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

27-қыркүйек күні №30 мектеп-гимназиясында семинар-кеңес өтті

27-қыркүйек күні №30 мектеп-гимназиясында семинар-кеңес өтті
27-қыркүйек күні №30 мектеп-гимназиясында семинар-кеңес өтті

"БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІН АТТЕСТАТТАУДАН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ"

Семинар барысында аттестатталушы мұғалімдер, жаңадан келген және мектептің жас педагогтары қатысты.
Директордың БО жөніндегі орынбасары Арыстанова С.Ж педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа ережелерін таныстырды, аттестаттаудың негізгі жаңалықтарына тоқталды.
* "Педагог-шебер" біліктілік санатын Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет Министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы жүргізеді. Портфолионы ұлттық білім академиясының Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі жанынан ұйымдастырылған Сараптамалық кеңес қарайды. Ы. Алтынсарин атындағы академия бекіткен авторлық бағдарлама немесе оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдар тізбесіне енгізілген авторлар болуы тиіс
* Мерзімінен бұрын аттестаттауға жататын мұғалімдердің соңғы екі жылдағы жетістіктері ескеріледі:
* "педагог-модератор" қойылатын екі талап орындалған кезде;
* "Педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-мастер" үшін - кемінде алты талап сақталған жағдайда;
* Зейнеткерлік жастағы педагогтер аттестаттау рәсімінен жалпы негізде өтеді.
Сертификатталған мұғалімдерге портфолио дайындау кезінде рубрикаторларды пайдалану ұсынылады.
Мәлімделген санаттарға арналған барлық критерийлер, эссе жазу және бейне материалдарды жүктеу ережесі қарастырылған. Одан әрі аттестаттаудың жекелеген мәселелері бойынша консультациялар өтті.

27-қыркүйек күні №30 мектеп-гимназиясында семинар-кеңес өтті 27-қыркүйек күні №30 мектеп-гимназиясында семинар-кеңес өтті
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY
whatsapp_image_2023-05-10_at_13.17.57_1.jpeg