SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Дүниежүзілік балалар күніне арналған іс-шара туралы ақпарат


Дүниежүзілік балалар күніне арналған іс-шара

20 қараша күні Астана қаласы №30 мектеп-гимназиясында 7–11 сынып оқушылары арасында Дүниежүзілік балалар күніне орай «Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін» тақырыбында бірыңғай мазмұндама жұмысы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға бағынудың маңызын түсіндіру және қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы білімдерін кеңейту.

Іс-шара барысында оқушыларға төмендегі бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді:

  • Балалардың құқықтары мен міндеттері;
  • Құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары;
  • Интернеттегі қауіпсіздік ережелері;
  • Жол қозғалысы қауіпсіздігі;
  • Кәмелетке толмағандар арасындағы жағымсыз әрекеттердің салдары;
  • Полиция қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі.

Мазмұндама жазу арқылы оқушылардың мәтінді түсіну, өз ойын сауатты жеткізу дағдылары бекітіліп, құқықтық сауаттылығын арттыруға жағдай жасалды. Іс-шара жасөспірімдердің қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және қоғамдағы өз жауапкершілігін сезінуге ықпал етті.

Жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар

Іс-шараға 7–11 сынып оқушылары қатысып, оң нәтиже көрсетті. 11 «А» сынып оқушылары – Мейрамқызы Мүгүлсім, Серикова Аида, Құдайберген Дильяра жоғары деңгейде мазмұндама жазды.

Дүниежүзілік балалар күніне арналған іс-шара туралы ақпарат Дүниежүзілік балалар күніне арналған іс-шара туралы ақпарат
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Біз сіздерді мектептің ресми сайтында қуана қарсы аламыз. Біздің портал оқушыларға, ата-аналарға және педагогтерге арналған және білім беру ұйымының қызметі туралы барлық қажетті ақпаратты ұсынады.

Мектеп-гимназияның мақсаты

Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі мен оқушылардың шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту арқылы тұлғаға бағытталған білім кеңістігін қалыптастыру.
Эмблема школы
Сәлеметсіздер ме, құрметті №30 мектеп-гимназия сайтының қонақтары! Біздің веб-сайт – электронды портал. Мұнда сіз әрдайым болып жатқан оқиғалардан хабардар болып, жоспарланған жұмыстармен танысып, кеңестер мен ұсыныстарды пайдаланып, мектебіміздің маңызды іс-шараларына қатыса аласыз.
№30 мектеп дәстүрінде – тұрақтылық, педагогикалық ұжымның жоғары кәсібилігі және жаңашылдыққа бағыттылығы. Мектеп оқушыларының жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Үйірмелер мен секцияларға қатысу сабақта алынған дағдыларды бекітіп, оларды дамытуға мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз: Оқыту – тәрбиелеу, тәрбиелеу – оқыту.

Құрметпен, №30 мектеп-гимназиясының директоры
Досмагамбетова Карлыгаш Тортаевна

whatsapp image 2022 12 09 at 12.19.52