SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

«Балақайлар мектебі» – мектепке сенімді қадам!


# «Балақайлар мектебі» – мектепке сенімді қадам!

30-мектеп-гимназиясында болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған **«Балақайлар мектебі»** өз жұмысын жүргізеді.

Мектепке дейінгі дайындық сабақтарының негізгі мақсаты – балаларды мектеп өміріне бейімдеу, оқу әрекетіне қызығушылығын арттыру және алғашқы білім дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ барысында балалар:

* сауат ашу және тіл дамыту негіздерін меңгереді;

* математика элементтерімен танысады;

* логикалық ойлау қабілетін дамытады;

* жазуға қолды дайындайды;

* есте сақтау, зейін қою және шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді;

* мектеп тәртібі мен оқу үдерісіне бейімделеді.

📅 Сабақтар күн сайын өткізіледі:

**Дүйсенбі – Жұма**

🕘 Уақыты:

**09:00 – 11:00**

📍 Өтетін орны:

**№30 мектеп-гимназиясы**

📞 Байланыс телефондары:

**Орыс сыныптары:**

Шолпан Жақсылыққызы

+7 701 558 8070

**Қазақ сыныптары:**

Жәмилә Ақрамқызы

+7 707 507 1173


«Балақайлар мектебі» – мектепке сенімді қадам! «Балақайлар мектебі» – мектепке сенімді қадам!
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY
ҚР Мемлекеттік әнұраны
ҚР Мемлекеттік әнұраны
ҚР Мемлекеттік елтаңбасы
ҚР Мемлекеттік елтаңбасы
ҚР Мемлекеттік туы
ҚР Мемлекеттік туы

Мектеп-гимназияның мақсаты

Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі мен оқушылардың шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту арқылы тұлғаға бағытталған білім кеңістігін қалыптастыру.
Эмблема школы
Сәлеметсіздер ме, құрметті №30 мектеп-гимназия сайтының қонақтары! Біздің веб-сайт – электронды портал. Мұнда сіз әрдайым болып жатқан оқиғалардан хабардар болып, жоспарланған жұмыстармен танысып, кеңестер мен ұсыныстарды пайдаланып, мектебіміздің маңызды іс-шараларына қатыса аласыз.
№30 мектеп дәстүрінде – тұрақтылық, педагогикалық ұжымның жоғары кәсібилігі және жаңашылдыққа бағыттылығы. Мектеп оқушыларының жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Үйірмелер мен секцияларға қатысу сабақта алынған дағдыларды бекітіп, оларды дамытуға мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз: Оқыту – тәрбиелеу, тәрбиелеу – оқыту.

Құрметпен, №30 мектеп-гимназиясының директоры
Досмагамбетова Карлыгаш Тортаевна

whatsapp image 2022 12 09 at 12.19.52