SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

«Қазақ тілі» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен емтихан өткізу тәртібі


✍️✍️✍️ Астана қаласы №30 мектеп-гимназиясының 5-8, 10-сыныптарына 2024 жылы 27-31 мамыр аралығында  «Қазақ тілі»  және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен емтихан өткізу тәртібі түсіндірілді. Оқушыларға емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері айтылды.

Мақсаты - білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – МЖМББС) талаптарына сәйкес бағалау екеніне көз жеткізілді. 

Білім  алушылардың білім берудің келесі деңгей материалдарын игеру дайындығын бағалау және функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау болатындығы айтылды.Емтихан өткізу талабы түсіндірілді.

Емтихан қазақ тілінде өтетіні ескертілді. Емтиханды өткізу уақыты білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен бекітіледі (27-31 мамыр аралығында  өткізу ұсынылады). Педагогтердің емтихандағы кезекшілік кестесі білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен айқындалады. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, емтихан материалдарын педагогтер құрастырады және білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді.

✒️ Қазақ сыныптары үшін «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша:

- оқылым

-жазылым 

әдеби тіл нормаларын сақтау 

«Қазақ тілі» оқу пәні бойынша рубрика.


✒️ Орыс тілді  сыныптары үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәні бойынша:

- айтылым  және тыңдалым

- оқылым

-жазылым

әдеби тіл нормаларын сақтау 

«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәні бойынша рубрика.

«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері  бойынша 5-8, 10-сыныптарда емтихан ұйымдастыру және өткізуге дайындық жоспары жасалды. Осыған байланысты барлық  5-8,10-орыс және қазақ сыныптарында сынақ емтиханы алынды. Мәтін бойынша талдау жұмыстары жүргізілді. Дағдылар бойынша тапсырмалар беріліп, талданылды. Емтихан өткізу тәртібі ата-аналарға да ескертілді.

dcfc5bfd ce7b 40a9 99cc 0530088bfa1b

«Қазақ тілі» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен емтихан өткізу тәртібі «Қазақ тілі» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен емтихан өткізу тәртібі
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Астана қаласы әкімдігінің "№30 мектеп-гимназия" ШЖҚ МКК

Мектеп-гимназияның мақсаты: мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі мен оқушылардың шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту арқылы тұлғаға бағытталған білім кеңістігін қалыптастыру.

whatsapp_image_2023-05-10_at_13.17.57_1.jpeg

Сәлеметсіздер ме, құрметті №30 мектеп-гимназия сайтының қонақтары! Біздің Веб-сайт - электронды портал, оған кірген кезде сіз әрқашан болып жатқан оқиғалардан хабардар болып, жоспарланған жұмысты ескере аласыз, кеңестер мен ұсыныстарды пайдалана аласыз және мектебіміздің маңызды оқиғаларына жеке қатыса аласыз.

№30 мектептің дәстүрінде – тұрақтылық, педагогикалық ұжымның жоғары кәсібилігі және оның жаңашылдығына бағытталған. Мектеп оқушыларының жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Үйірмелер мен секцияларға қатысу сабақта алынған дағдылар мен әдептерді бекітуге және дамытуға мүмкіндік береді. Міндетіміз: Оқыту – тәрбиелеу, тәрбиелеу – оқыту.

 

Құрметпен, №30 мектеп-гимназиясының директоры

Досмагамбетова Карлыгаш Тортаевна

whatsapp image 2022 12 09 at 12.19.52

Бейне және фото