SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

“Кітап оқу трендін подкаст технологиясы арқылы жетілдіру жолдары” тақырыбында шебер сынып өткізілді.


📚📚📚 2024 жылдың наурыз айының 12 жұлдызында
30 мектеп-гимназиясында қалалық семинар өткізілді. Семинарға жас мамандар шақырылды. Жас мамандарға 30 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары өздерінің тәжірибесімен бөлісті. 2024 жылы педагог-зерттеуші Абилдаева Гулфира Жанабековна Астана қаласы Дарын орталығының ұйымдастыруымен жыл сайын өтілетін “Педагогикалық идея” байқауының 3- орын жүлдегері атанған. Осы кітап оқу жобасын қолдау мақсатында “Кітап оқу трендін подкаст технологиясы арқылы жетілдіру жолдары” тақырыбында шебер сынып өткізілді.
📖📖📖 Шебер сыныптың тақырыбын тәжірибелеріне енгізіп жүрген педагог-зерттеушілер:
Абилдаева Гулфира Жанабековна мен Оралбаева Жанар Жамалбаевна болатын. Педагогтар подкаст технологиясын кітап оқу трендінде және де сабақта қолданып жүрген әдіс-тәсілдерін жас мамандарға бөлісті. Бірінші рет 30 мектеп -гимназиясында ұстаздар арасында кітап оқу трендін жетілдіру барысында подкаст түсірілді. Подкаст өте тартымды,тың идеяларға тола болды. Қонақтар шебер сыныптан алған әсерлерімен бөлісті,ризалықтарын білдірді.

Видео: https://www.instagram.com/reel/C4kZGP0M4_l/?igsh=MWUzYml6azl6MzI3aA==

“Кітап оқу трендін подкаст технологиясы арқылы жетілдіру жолдары” тақырыбында шебер сынып өткізілді. “Кітап оқу трендін подкаст технологиясы арқылы жетілдіру жолдары” тақырыбында шебер сынып өткізілді.
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY
ҚР Мемлекеттік әнұраны
ҚР Мемлекеттік әнұраны
ҚР Мемлекеттік елтаңбасы
ҚР Мемлекеттік елтаңбасы
ҚР Мемлекеттік туы
ҚР Мемлекеттік туы

Мектеп-гимназияның мақсаты

Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі мен оқушылардың шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту арқылы тұлғаға бағытталған білім кеңістігін қалыптастыру.
Эмблема школы
Сәлеметсіздер ме, құрметті №30 мектеп-гимназия сайтының қонақтары! Біздің веб-сайт – электронды портал. Мұнда сіз әрдайым болып жатқан оқиғалардан хабардар болып, жоспарланған жұмыстармен танысып, кеңестер мен ұсыныстарды пайдаланып, мектебіміздің маңызды іс-шараларына қатыса аласыз.
№30 мектеп дәстүрінде – тұрақтылық, педагогикалық ұжымның жоғары кәсібилігі және жаңашылдыққа бағыттылығы. Мектеп оқушыларының жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Үйірмелер мен секцияларға қатысу сабақта алынған дағдыларды бекітіп, оларды дамытуға мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз: Оқыту – тәрбиелеу, тәрбиелеу – оқыту.

Құрметпен, №30 мектеп-гимназиясының директоры
Досмагамбетова Карлыгаш Тортаевна

whatsapp image 2022 12 09 at 12.19.52