Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
📄✍ Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе.
№30 мектеп-гимназиясында 04.09-13.09.2023 жыл қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» атты бастауыш сынып арасында тілдер апталығы челлендж өтуде. Бұл апталықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысуда.