№ 30 мектеп-гимназиясында 2.02-15.02 аралығында өтіп жатқан математика, информатика, физика онкүндігі аясында мектеп фойесінде көрме ұйымдастырылып, оқушылардың жұмыстары қойылды. 10 «Б» сыныбының балалары «Жаңартылатын энергия көздері» қолданбалы курсының сабағында жобалаған «Экологиялық үй» ұсынды, экологиялық және экономикалық тұрғыдан өз жобалары туралы әңгімеледі. Робототехниканы кеңінен насихаттау мақсатында 4 «А» сынып оқушылары Темірбаева Гүлназ мен Өмірхан Мәншүк Lego Minstorms Ev3 негізінде құрастырған роботтарын көрсетті. Оқушылар роботтың қара сызық бойымен қозғалысы және роботосумо жарыстары бойынша бағдарлама дайындап, көрмеге қатысушыларға өз жобаларын көрсетті. Сондай-ақ, көрмеде мектеп оқушылары жасаған геометриялық фигуралардың макеттері ұсынылған.
В рамках декады математики, информатики, физики, которая проходит со 2.02 по 15.02 в школе-гимназии №30, в фойе школы была организована выставка, где были представлены работы учащихся. Ребята 10 «Б» класса представили «Экодома», которые конструировали на занятиях прикладного курса: «Возобновляемые источники энергии», рассказали о своих проектах с экологической и экономической точки зрения.
В целях популяризации робототехники учащиеся 4 «А» класса Темирбаева Гүлнәз и Өмірхан Мәншүк показали роботов, которые собрали на основе Lego Minstorms Ev3. Учащиеся подготовили программу для движения робота по черной линии и соревнований робосумо и продемонстрировали свои проекты участникам выставки. Также на вставке представлены макеты геометрических фигур, изготовленными учениками школы.
Ссылка: https://www.instagram.com/p/CoPe239LSkv/?utm_source=ig_web_copy_link