Математика, информатика, физика онкүндігі аясында 09.02.2023ж информатика пәнінің мұғалімі А.М. Игембаева 4«А» сыныбында «Роботтың сызық бойымен қозғалысы» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақта LEGO MINDSTORMS EV3 сериялы ресурстық жинақ жиынтығының конструкторлары қолданылды. Оқушылар конструктор элементтерін пайдалана отырып, түс датчиктерін роботтарға орнатты. Роботтың қара сызық бойымен жүретін бағдарламасын арнайы микрокомпьютерге жүктеу арқылы лего роботтарды басқарып, бағдарлама құруды үйренді. Mindstorms EV3 конструкторының негізінде Лего-технология барлық жастағы балаларда құрастыру дағдыларын және логикалық ойлауын дамытумен бірге оқушылардың мотивациясын арттырады.




