
«Балақайлар мектебі»
Мектепке сенімді қадам!
№30 мектеп-гимназиясында болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған «Балақайлар мектебі» өз жұмысын бастайды.
Мектепалды даярлық сабақтарының негізгі мақсаты – балаларды мектеп өміріне бейімдеу, оқуға деген қызығушылығын арттыру және бастапқы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ барысында балалар:
- ✓ Сауат ашу және тіл дамыту негіздерін меңгереді;
- ✓ Математика элементтерімен танысады;
- ✓ Логикалық ойлау қабілетін дамытады;
- ✓ Қолды жазуға дайындайды;
- ✓ Есте сақтау, зейін қою және шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді;
- ✓ Мектеп тәртібі мен оқу үдерісіне бейімделеді.
Сабақ кестесі
📅 Өткізу мерзімі 3–28 тамыз
🗓 Сабақ күндері Дүйсенбі–жұма
🕘 Уақыты 09:00–11:40
📍 Өтетін орны №30 мектеп-гимназиясы