«Балақайлар мектебі» – мектепке сенімді қадам!
30-мектеп-гимназиясында болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған «Балақайлар мектебі» өз жұмысын жүргізеді.
Мектепке дейінгі дайындық сабақтарының негізгі мақсаты – балаларды мектеп өміріне бейімдеу, оқу әрекетіне қызығушылығын арттыру және алғашқы білім дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ барысында балалар:
* сауат ашу және тіл дамыту негіздерін меңгереді;
* математика элементтерімен танысады;
* логикалық ойлау қабілетін дамытады;
* жазуға қолды дайындайды;
* есте сақтау, зейін қою және шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді;
* мектеп тәртібі мен оқу үдерісіне бейімделеді.
📅 Сабақтар күн сайын өткізіледі: Дүйсенбі – Жұма
1 маусым—26 маусым
Шілде - демалыс
3 тамыз — 28 тамыз
🕘 Уақыты: 09:00 – 11:00
📍 Өтетін орны: №30 мектеп-гимназиясы
📞 Байланыс телефондары:
Орыс сыныптары:
Шолпан Жақсылыққызы
+7 701 558 8070
Қазақ сыныптары:
Жәмилә Ақрамқызы
+7 707 507 1173