📚 📚 📚 №30 мектеп-гимназиясында тамыздың 1.08-25.08 күндері аралығында «Балақайлар мектебі» атты мектепке дайындық курстары жүргізілген еді. Сабаққа түрлі дидактикалық ойындар, сергіту сәті, жаттығулар қолданылды. Оқушылар сабақта түрлі ойындар ойнап, қол мен саусақтардың ұсақ бұлшық еттерін дамытып, математикалық деңгейлерін көрсетіп, ойлау, есте сақтау және де шығармашылық қабілеттерін дамытты. Оқушыларға сабақ өте қызықты болды.