7 - мамыр - Отан қорғаушылар күні қарсаңында 7 "А" , 7 "Ә" қазақ сыныптары арасында "Жігіт сұлтаны" байқауы өтті. Ұйымдастырушы математика пәнінің мұғалімі Яхуда Береке Алтынбекұлы. Байқаудың мақсаты - оқушыларды отанды сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұлдардың бойындағы жігітке тән асыл қасиеттерді дәріптеу, нағыз жігіт сұлтанының бейнесін ашу. Байқау 4 кезеңнен тұрды. Байқау қатысушылары әр кезеңде өз өнерін, күштілігін, білімділігін көрсетті. Әділ - қазы алқалары әділ шешімін берді.
- I орын жүлдені 7 А сынып оқушысы Жунусов Ерназар.
- II орын жүлдені 7 Ә сынып оқушысы Тован Сатжан.
- ІІІ орын жүлдені 7 А сынып оқушысы Оңдасын Нұрдаулет.
Сонымен қатар, "Қайсар жігіт" номинациясымен 7 А сынып оқушысы Садуахасов Мырзатай, "Алғыр жігіт" номинациясымен 7 Ә сынып оқушысы Әбеусейт Сұңқар, "Өнерлі жігіт" номинациясымен 7 Ә сынып оқушысы Турганбаев Ғалымжан марапатталып, арнайы сыйлықтар иеленді.