Математика, информатика, физика онкүндігі аясында 8 - ақпан күні математика пәнінің мұғалімі Яхуда Б. А. 7 А сыныбында "Математика алғырлары" атты сайыс түріндегі ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақ мақсаты оқушылардың математика пәніне қызығушылығын ояту, білімді, дарынды озық болуға тәрбиелеу.
Ашық сабақта оқушылар екі топқа бөлініп, сайыстық кезеңнің арнайы сұрақтарына жарыса жауап берді. Дұрыс берілген жауап пен есептің шешіміне нақты ұпайлар беріліп отырған соң, оқушылардың
бір - бірінен оза түсіп, жоғары ұпай жинауға деген ұмтылыстары анық көрінді.
Ашық сабаққа қатысқан математика, информатика, физика пән бірлестігінің пән мұғалімдері Таенова Р.М., Абызбаева А. оң пікір білдіріп, сабақтың қызықты да әрі тартысты өткенін жеткізді.