SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

10А - "Бердібек Соқпақбаев - әдебиет майталманы" атты әдеби-шығармашылық саяхат


📚📚📚 "Ұлттық құндылықтар негізінде білім беру" қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің семинарында "Бір ел бір кітап" жобасы негізінде "Бердібек Соқпақбаев - әдебиет майталманы" атты әдеби-шығармашылық саяхат 10 "А" сынып оқушыларымен кітапханада өткізілді. Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевқа биыл 100 жыл. Біздің оқушылар "Балалық шаққа саяхат", " Жекпе-жек", "Өлгендер қайтып келмейді" шығармаларына шолу жасап, "Менің атым Қожа" повесіне тоқталды. Шығарманың басты кейіпкері Қожа сабаққа еніп, оқушылармен сұхбат жүргізді.Шығарма кейіпкерлерінің образдарына семинар қонақтарымен бірге ене отырып оқушылар талдады. Жазушы шығармаларынан адам бойына сіңіретін құндылықтар талқыланды. Семинарға қатысушы ұстаздар тарапынан жақсы лебіздер мен оң баға алынды. Саяхатты жүргізуші қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Дуйсебаева Н. И, Онтаева К. А және кітапхана меңгерушісі Ибтанова Д. И.

Видео: https://www.instagram.com/reel/C4hlkCiMsZJ/?igsh=MXRmMzlqcnprbGp2Zg==

10А - "Бердібек Соқпақбаев - әдебиет майталманы" атты әдеби-шығармашылық саяхат 10А - "Бердібек Соқпақбаев - әдебиет майталманы" атты әдеби-шығармашылық саяхат
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY
whatsapp_image_2023-05-10_at_13.17.57_1.jpeg