Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Ұлыстың Ұлы күні. Осы мереке қарсаңында қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлістігінің онкүндігі “Әз Наурыз” атты мерекелік іс-шарамен аяқталды. Әдістемелік бірлестік мұғалімдері әуезді әнмен іс-шараны ашып берді. Ары қарай шашу шашып, қазақ халқының “Сырға салу” дәстүрін көрсетті. Мектеп мұғалімдері де осы іс-шараға ат салысып, өз өнерлерін көрсетті. Осылай апталықтың жабылуы тамаша мерекелік көңіл күймен аяқталды.



