15 наурыз күні Ибраева Д. А. 6 "Г" сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Ә. Дуйсенбиев "Күшті болсам егер мен..." тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар топта, жұпта, жеке жұмыс жасады. Әр топта бағалаушы оқушы болды. Бағалаушы оқушыларды ұсынылған критерийлер бойынша әділ бағалауға тырысты. Оқушылар сабақта белсенділік танытты. Бекітуде оқушылар Quizizz платформасында тақырып бойынша викторинаның сұрактарына жауап берді. "Бес қадам" әдісі арқылы тақырып бойынша тірек сөздер айтады. Шығармашылық тұрғыда әр топ "Күшті болсақ егер біз..." тақырыбына шағын эссе жазды. Тақырыптың идеясын, тәрбиелік мәнін аша білді. Сабақ мақсатына жетті.




