🎼8-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық «Махамбет оқулары» байқауының қалалық кезеңі 2023 жылғы 28 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өтті.
Байқауға біздің мектептің 10"А" сынып оқушысы Серкешбаев Мадияр «Шашақты найза, шалқар күй» бағыты бойынша қатысты. Мадияр Махамбеттің күйін орындап, әділқазылар алқасының шешімімен жүлделі 2-орынға ие болды. Жетекшісі: Онтаева Камшат Аскаровна. Құттықтаймыз! Шығармашылықтарыңыз шарықтай берсін!💐

