SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Мектепке түсу үшін қажетті құжат тізімі мен қабылдау шарттары


№ 30 мектеп-гимназияға түсу

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын негізінде мектепке қабылдау жасалады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 қазанда № 17553 болып тіркелді. ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 бұйрығымен өзгерстер еңгізілді.

Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:

  1. баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш;
  2. баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  3. денсаулық жағдайы туралы анықтама (026/у-3 нысаны);
  4. 3x 4 көлеміндегі фото — 2 дана.

Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына баратын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен осы тармақта көрсетілген құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүргізіледі.

Қаулыда балалардың дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ету нормасы сақталған.

№ 30 мектеп-гимназияның 1-сыныбына құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру екі тәсіл: көрсетілетін қызметті беруші арқылы "электрондық үкімет" веб-порталы egov.kz сайты арқылы және қағаз түрінде жүзеге асырылады. Қабылдау комиссиясы Петров 11 мекенжайы бойынша орналасқан.

Келесі құжаттарды жіктеу қажет:

  • Туу туралы куәліктің көшірмесі
  • 026/у-3 формасы Денсаулык паспортының көшірмесі
  • Баланың 3*4 фотосы
  • Керек кезде ПМПК шешімі
  • Толық шешім қабылдану үшін, тіркеудің алдынғы шешімі қабылданғаннан кейін қабылдау комиссиясына (113 кабинет) 1 жұмыс күн аралығында керекті құжаттардың төлқұжаттарын әкелу керек.
  • Ата-ананың төлқұжаты (cәйкестендіру үшін)

№ 30 мектеп-гимназияның 2-11-сыныбына түсу үшін керекті құжаттар:
— фото 3*4 — 2 дана
— туу туралы куәлік (көшірмесі), ЖСН (көшірмесі)
— медициналық карта 026/у-3 формасына сайкес (денсаулық паспорты) және ф/063 екпе картасы
— табельдер және негізгі орта білімі бітірген аттестат (10-11 сыныпқа баратындарға)
— өтініш

whatsapp_image_2024-02-26_at_10.52.19.jpeg

Мектепке түсу үшін қажетті құжат тізімі мен қабылдау шарттары Мектепке түсу үшін қажетті құжат тізімі мен қабылдау шарттары
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY
whatsapp_image_2023-05-10_at_13.17.57_1.jpeg