SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Балақайлар мектебі


 Жазғы кезеңде мектептер жанындағы «Балақайлар мектебі» жүргізудің әдістемелік басшылығы

без имени  

«Балақайлар мектебінің» мақсаты балалардың мектепте оқуға ынтасын, зияткерлік, эмоционалдық-еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру, бірінші сыныпта табысты бейімделуін қамтамасыз ету.

Міндеттері:

- баланың мектепте оқуына эмоционалды-оң көзқарасты қалыптастыру;

- болашақ меткеп оқушысының тұлғасын қалыптастыру;

- «мектепалды даярлық – бастауыш мектеп» сабақтастық қағидасын сақтау;

Балалармен жұмыстың ерекшеліктері:

– белсенді шығармашылық әрекетке баулу;

– жас және жеке ерекшеліктерді ескеру;

– танымдық әрекетке жағдайлар жасау;

– жағымды эмоционалдық көңіл-күй орнату;

Оқытудың әдістері мен тәсілдері:

Сөздік: әңгіме, әңгімелесу, сену, мақтау, мадақтау.

Көрнекілік: бақылау, түсіндіру, үлгіні көрсету.

Практикалық: жаттығу, ойын әдісі, тапсырманы бірге орындау.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрлері: ойын сабақтар, дидактикалық ойын, ертегі, зерттеу, саяхат, байқау.

Баланың мектепте оқуға дайындығының көрсеткіштері:

- жеке-тұлғалық дайындығы – оқуға ынтасы (мектепке барғысы келеді, оқудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді,  жаңа білімді алуға қызығушылық танытады);

- зияткерлік дайындығы – білім алуға қызығушылықтың, оң көзқарастың болуы;

- әлеуметтік-психологиялық дайындығы – ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуі.

Курс соңында күтілетін нәтижелер:

- мектепте өзін ұстау тәртібін сақтау;

- гигиеналық ережені сақтау;

- сурет бойынша әңгіме құрастыру;

- өлеңдерді мәнерлеп оқу;

- әңгімені, ертегіні мазмұндау;

- сөздерді дыбыстық талдау;

- дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату;

- 10 дейін сандар мен цифрларды білу;

- 20 дейін санау;

- дәптерді, кітапты, кеңістікті, уақытты бағдарлау;

- қарапайым тапсырмаларды орындау;

- бейнелеу құралдарын қолдану.

Дайындық курсының топтағы бала саны «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы 2021 жылғы 9 шілде № ҚР ДСМ -59 бұйрығына сәйкес анықталады.


  
 

«Балақайлар мектебінің»

ОҚУ ЖОСПАРЫ

 Оқыту мерзімі – 1- 3 ай.

 

№ р/с

Білім беру салалары

Сабақтар

Апталық оқу жүктемесі (сағат)

Оқу жүктемесінің

жалпы көлемі (сағат)

1 ай

3 ай

1

Қатынас

Сөйлеуді дамыту

2

8

24

Сауат ашу негіздері

4

16

48

Қолды жазуға дайындау

2

8

24

2

Таным

Математика негіздері

5

20

60

3

Шығармашылық

Сурет салу

2

8

24

 

Барлығы

15

60

180


Астана қаласы әкімдігінің «№30 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК

1 сыныптарға арналған «Балақайлар мектебінің»  сабақ кестесі

 Күніне өткізілетін сабақ саны – 3

Сабақтың ұзақтығы - 30 мин.

Өткізу уақыты (сағат)

Апта күндері

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

10.00-10.30

Математика негіздері

Сөйлеуді дамыту

Математика негіздері  

Сөйлеуді дамыту

Математика негіздері 

1-2 мин.

Сергіту сәті

Сергіту сәті

Сергіту сәті

Сергіту сәті

Сергіту сәті

10.40-11.10

Сауат ашу негіздері  

Математика негіздері

Сауат ашу негіздері  

Математика негіздері 

Сауат ашу негіздері 

1-2 мин.

Сергіту сәті

Сергіту сәті

Сергіту сәті

Сергіту сәті

Сергіту сәті

11.20-11.50

Қолды жазуға дайындау

Сурет салу

Қолды жазуға дайындау

Сауат ашу негіздері 

Сурет салу

«Қатынас» білім беру саласы

 Мақсаты: байланыстырып сөйлеудітілдің лексикалық, дыбыстық қырларын дамыту, дыбыстарды дұрыс айтуды бекіту, жазудың гигиеналық ережелерімен таныстыру, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

1. Сөйлеуді дамыту

         Міндеттері: балалар көркем әдебиетінің шығармаларымен таныстыру арқылы ауызекі байланыстырып сөйлеуді дамыту,  мәнерлеп оқу және мазмұндау біліктері мен дағдыларын, сөйлесу әдебін қалыптастыру, сөздік қорды байыту.

Күнтізбелік - тақырыптық жоспар

р/с

Мазмұны

Сағат саны 1ай/3 ай

1

Сурет бойынша әңгіме құрастыру

1/3

2

Иллюстрацияларға сүйеніп ертегіні оқу және мазмұндау

1/3

3

Берілген тақырыпқа сюжетті әңгіме құрастыру

1/3

4

Айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасауда тілдік нормалармен таныстыру

1/3

5

Жолда жүру ережесі

1/3

6

Суреттер топтамасы бойынша  сипаттаушы әңгіме құрастыру

1/3

7

Өлеңдер жаттату

1/3

8

Үйде, қоғамдық орындарда, табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерімен таныстыру

1/3

Барлығы

8/24

 

2. Сауат ашу негіздері

 Міндеттері: дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы түсініктерін қалыптастыру; сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету, дыбыстарды дұрыс айтуды дамыту (дыбыстарды дұрыс, анық айту, сөздерден дыбыстарды бөлу, нақты бір дыбысы бар сөздерді табу, сөздегі дыбыстың орнын анықтау).

Күнтізбелік - тақырыптық жоспар

р/с

Мазмұны

Сағат саны

1 ай /3 ай

1

«Дыбыс», «буын» түсініктерімен таныстыру

2/6

2

«Сөз», «сөйлем» түсініктерімен таныстыру

2/6

3

«Мәтін» түсінігімен таныстыру

2/6

4

Сөздерді буынға бөлу

2/6

5

Дауысты дыбыстармен таныстыру

2/6

6

Дауыссыз дыбыстармен таныстыру

2/6

7

Сөздерге дыбыстық талдау жасау

2/6

8

Сызбалар арқылы сөйлемдер құрастыру

2/6

Барлығы

16/48

 

3. Қолды жазуға дайындау

 Міндеттері: баланы үстел басына отырғызудың гигиеналық талаптарымен, қолдың қалыптарымен таныстыру, қағаз бетінде бағдарлау дағдыларын қалыптастыру, қолдың ұсақ моторикасын, көзбен өлшеуді  дамыту.    

 

Күнтізбелік - тақырыптық жоспар

р/с

Мазмұны

Сағат саны

1 ай /3 ай

1

Суреттердің және заттардың ішін бояу, суреттің жетіспейтін бөліктерін салу және т.б.

1/3

2

Түрлі формадағы сәндік өрнектерді салу

2/6

3

Көлденең, тік және ирек сызықтармен штрихтау

1/3

4

Қарапайым өрнектерді салу 

1/3

5

Заттардың, әріптердің бейнелерін басып жүргізу

1/3

6

Әріптердің элементтерін салу

2/6

Барлығы

8/24

 

                                      

1. Математика  негіздері

 Міндеттері: қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру,  таным процестерін дамыту (зейін, есте сақтау, қабылдау, қиял), ақыл-ой әрекеті тәсілдерін үйрету (талдау, салыстыру, жалпылау).

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

 

№ р/с

Мазмұны

Сағат саны

1 ай /3 ай

20/60

1

Заттардың қасиеттері

Оң, сол қол

Оң, сол жақ

1/3

2

1 және 2 сандарымен таныстыру

1 және 2 сандарын салыстыру

5 көлемінде ауызша санау

Заттар саны мен оны санаудың арақатынасы

1/3

3

3 және 4 сандарымен таныстыру

3 және 4 сандарының пайда болуымен таныстыру

Жазықтықты бағдарлау

1/3

4

Кеңістік ұғымдарын қалыптастыру (астында, үстінде, арасында)

1/3

5

5 және 6 сандарымен таныстыру

5 және 6 сандарының пайда болуымен таныстыру

Екі жиын арасындағы қатынасты орнату: «артық», «кем», «тең»

1/3

6

7 және 8 сандарымен таныстыру

7 және 8 сандарының пайда болуымен таныстыру

Заттарды белгілері бойынша салыстыру: жоғары - төмен, ұзын - қысқа, тар - кең заттарды бір-біріне бастыру, қою, салу тәсілдерінің көмегімен және бірдей өлшемді қолдану арқылы   

1/3

7

9 және 10 сандарымен таныстыру

9 және 10 сандарының пайда болуымен таныстыру

Оларды теңестіру үшін жиындар арасындағы арақатынасты орнату біліктерін бекіту

 «Артық», «кем», «тең» ұғымдары арасындағы қатынасты өз бетінше белгілеу

1/3

8

Сандық қатармен таныстыру

10 дейін тура және кері санау

2/6

9

Геометриялық фигуралармен таныстыру: шаршы, шеңбер, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, сопақ.

2/6

10

Белгілі бір тәртіпте геометриялық фигураларды салумен байланысты тапсырмаларды орындау

10 көлеміндегі сандарды аталған санға дейін және одан кейін орналасқан сандарды атай білу

1/3

11

Қосуға тапсырмалар құрастыруға үйрету

Геометриялық фигуралар туралы білімді бекіту Санауды  бекіту

2/6

12

 Тікбұрышты квадратпен, шеңберді сопақпен салыстыру (қою жолымен)

20 дейін тура және кері санау

2/6

13

Уақытты бағдарлау - таң, күн, кеш, түн

Апта күндерін, жыл мезгілдерін дұрыс атауға үйрету

2/6

14

Тәулік құрамы туралы түсінікті қалыптастыру

Салмақты бағдарлау

Салмағы бойынша тең және тең емес заттарды алдымен қарама-қарсы көрсеткіштерде алақанда өлшей білуге үйрету

2/6

Барлығы

20/60

«Шығармашылық» білім беру саласы

 Мақсаты: қолдың ұсақ моторикасын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялды, байқағыштықты және қоршаған ортаны бейнелі қабылдай білуді, өз түсініктерін, сезімдерін, ойларын көркем түрде бере білу біліктерін қалыптастыру.

1. Сурет салу

 Міндеттері: затқа қарап және  елестетуі бойынша сурет салу дағдыларын, түстері мен олардың реңктерін, өз талғамы бойынша түстерді таңдай білуін қалыптастыру, бояулар мен қарындаштарды және т.б. қолдана білуге үйрету, көркемдік талғамын тәрбиелеу.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

 

№ р/с

Мазмұны

Сағат саны

1 ай /3 ай

1

«Мен мектепке барамын» қарындаштармен сурет салу

1/3

2

«Көңілді жаз» акварельді бояулармен сурет салу

1/3

3

«Жаңбыр жауып тұр» түрлі түсті бормен сурет салу

1/3

4

Ұжымдық жұмыс. «Менің қалам (ауылым)» түрлі бейнелеу құралдарымен сурет салу

1/3

5

«Көлік» қарындаштармен сурет салу

1/3

6

Шағын топпен жұмыс. «Бақшада не өседі?» асфальтқа сурет салу

1/3

7

«Менің сүйікті ойыншығым» затқа қарап сурет салу

1/3

8

Ойдан сурет салу  

1/3

Барлығы

8/24

Балақайлар мектебі Балақайлар мектебі
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY
whatsapp_image_2023-05-10_at_13.17.57_1.jpeg