SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

10 «А» - «ӨЛЕҢІМ, СЕН АМАН БОЛ...»


📚 14.11.2023 жылы Астана қаласы №30 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.И.Дуйсебаеваның бастауымен 10 «А» сынып оқушылар арасында  Марфуға Бектемірованың шығармашылығына арналған «ӨЛЕҢІМ, СЕН АМАН БОЛ...» атты мәнерлеп оқу  байқауы өтті.

📚 Марфуға Бектемірованың ойлы өлеңдері, тың теңеулері, мағыналы мақалалары қазақ әдебиетінің қорынан ойып тұрып орын алады. Сыршыл ақын 1958 жылы Ақмола облысы қазіргі Біржан сал ауданы, ескі Макинка ауылында дүниеге келеді. Жастайынан өлең-жырға құштар болып өскен Арқаның ақын қызы өзінің саналы ғұмырын әдебиет әлеміне арнайды.

📚 Марфуға Бектемірованың шығармаларының келешек ұрпаққа берер тәрбиелік мәні өте зор, өйткені өлеңдері  оқушыларды ар-ұят, имандылыққа тәрбиелейді.  Ақынның өлеңдері арқылы   оқушылардың поэзияға деген сүйіспеншілігі, құлшынысы  арта түсті.

    

10 «А» - «ӨЛЕҢІМ, СЕН АМАН БОЛ...» 10 «А» - «ӨЛЕҢІМ, СЕН АМАН БОЛ...»
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY
whatsapp_image_2023-05-10_at_13.17.57_1.jpeg