1-мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай 28 сәуір күні 6 "Е" сыныбында (сынып жетекшісі Ажданова Ж.Ш) "Бір шаңырақ астында" тақырыбы бойынша сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты, еліміздегі көпұлтты халықтар достығы, бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері,оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін,өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар өте жоғары қызығушылық танытты. Әр ұлттың мәдениетін, салт-дәстүрін айтып берді.Сабақ соңында өз тілектерін сурет арқылы жеткізді.







