10 наурыз күні 9 «А» сыныбында Ф.Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мүғалімі Н.И. Дуйсебаева ашық сабақ өтті. Сабақ мақсатына жетіп, оқушылар ақын Фариза Оңғарсынованың шығармасын осы мазмұндас Мұқағали Мақатаевтың туындысымен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға берді. Сабақ барысында ақындардың өз даусымен оқылған өлеңдері тыңдалды. Оқушылар белсенді қатысып, бірін-бірі бағалады.
